«Life-Абырой»

ЗЕЙНЕТАҚЫ алуды бүгіннен бастаңыз!

Өмір сондай ғажап, біз жаспыз, бойымызда күш-қайратымыз тасып тұр. Бірақ жылдар бізге байқатпай жылжып жатыр... Сөйтіп жүргенде зейнеткерлік жасқа қалай жетіп қалғанымызды сезбей де қаламыз. Зейнетке шығатын уақыт бәрібір келеді, одан қашып құтыла алмайсың.

«Life-Абырой»

ЗЕЙНЕТАҚЫ алуды бүгіннен бастаңыз!

Өмір сондай ғажап, біз жаспыз, бойымызда күш-қайратымыз тасып тұр. Бірақ жылдар бізге байқатпай жылжып жатыр... Сөйтіп жүргенде зейнеткерлік жасқа қалай жетіп қалғанымызды сезбей де қаламыз. Зейнетке шығатын уақыт бәрібір келеді, одан қашып құтыла алмайсың.

«Life-АБЫРОЙ» - өз зейнетақыңызды жоспарлаудың тиімді құралы.

Қалауыңызша өмір сүргіңіз келетіні ақиқат. Мемлекеттің берген зейнетақысы бұған жетпейтіні тағы белгілі. Демек, зейнеткерлікке абыроймен шығып, жақсы өмір сүруді қалау – табиғи жағдай. Зейнеткерлік жас сізді бәрібір толғандыратыны белгілі.

«Life-Абырой»-мен кәріліктен қорықпайсыз

Аннуитетті зейнетақы төлемі сізге өмірбойы төленеді. Демек, сіз қартайғанда балаларыңызға, туыс-туғаныңызға масыл болудан қорықпайсыз әрі жұмыс істеп жүрген кезіңізде уақытыңыздың болмауынан жүзеге аспай қалған арманыңызды орындауға мүмкіншілік аласыз.

Сіз демалуға лайықтысыз. Оған еңбегіңіз сіңген. Демек, жай жатпай, демалысыңызды жоспарлаңыз!

 

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

«ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинағы жеткілікті, белгіленген жасқа жеткен жекелеген санатындағы азаматтар* осы жинақты пайдалана отырып, өмірді сақтандыру компаниясымен өмірбойғы зейнеткерлік аннуитет шартын жасасуға және өмірбойы төленетін зейнетақы төлемдерін ала алады.

Сақтандыру (аннуитет) төлемнің мөлшері

ҚР Ұлттық Банктің әдістемесінің талабына сәйкес белгіленеді және ай сайын клиентке өмір бойы беріледі. Бұл ретте аннуитетті төлемнің көлемі зейнетақы аннуитет шартын жасасу күніне зейнетақының минималды мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Егер де Зейнетақы аннуитет шартында кепілдендірілген кезең қарастырылмаса, онда Зейнетақы аннуитет шарты бойынша аннуитет төлемдері Сақтанушы қайтыс болған жағдайда тоқтайды.

Шартта кепілдендірілген кезең қарастырылған болса, онда төлемдер кепілдендірілген кезең аяқталғанша белгілі мерзім ішінде* Аннуитенттің мұрагерлеріне берілетін болады.

Мысалы, Шартта кепілдендірілген кезең он бес жыл деп көрсетілген, алайда осы шартты жасасу күнінен үш жыл өткен соң Клиент кенет жазатайым оқиғадан өмірден қайтса, онда оның мұрагерлері қалған он екі жыл ішінде төлем алып тұрады.

Қосымша: мұрагерлер жерлеу рәсіміне қосымша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 15 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем болмайтын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және көлемде бір жолғы төлем алуға құқылы.

Кім және қай жастан бастап, зейнеткерлік аннуитет шартын жасай алады?
  1. Зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар: 63 жасқа жеткен ер азаматтар; әйелдер, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, 58,5 жасқа жеткенде және әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады.
  2. Минималды зейнетақының мөлшерінен төмен болмайтын төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинағы жеткілікті 55 жасқа жеткен ер азаматтар.
  3. Минималды зейнетақының мөлшерінен төмен болмайтын төлемді қамтамасыз ету үшін зейнетақы жинағы жеткілікті 50 жасқа жеткен әйелдер және әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады
  4. Еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстарда 5 жылдан артық еңбек өтілі бар 50 жасқа жеткен тұлғалар.
  5. Мерзімсіз деп белгіленген I және II топ мүгедектігі бар тұлғалар.
Сақтандыру (аннуитеттік) төлемді кім алады?

Сақтанушы (Аннуитент), егер де ол кепілдендірілген кезеңнің* аяқталуына дейін өмірден озып жатса, онда (бар болған жағдайда) Сақтанушының мұрагерлері

*Кепілдендірілген кезең – шарттың өз күшіне енген күнінен бастап, белгіленген мерзімдегі аннуитеттік төлемдердің кезеңі.

Қолданыс аймағы:

Бүкіл әлем.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі.

Бір жолғы.

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

  • Құрметті демалысты күтпей-ақ аннуитетті (зейнетақы) төлемдерін алу мүмкіндігі;

  • Зейнеткерлік жасқа жеткенде зейнетақы төлемдерін 3 жерден алу мүмкіндігі: базалық зейнетақы (1998 жылға дейнгі стаж); зейнетақы аннуитет шарты бойынша аннуитет төлемдері; құрметті демалысқа шығуға дейін зейнетақы аннуитет шартын жасасқан соң қалыптастырылған БЗЖҚ-дан берілетін төлемдер.

  • Аннуитет төлемдерін өмір бойы алу;
  • Инфляциялық тәуекелдердің төмендеуі (аннуитет төлемдерін индексациялау мүмкіндігі).

  • Мұрагерлер үшін (20 жасқа дейін) төлемдердің кепілдендірілген кезеңін бекіту мүмкіндігі.

 

Сақтандыру шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

  1. Сақтандыруға өтінім;
  2. Жеке куәлік;
  3. Зейнетақы жинақтаушы қорының мөртаңбасымен және өкілетті тұлғамен расталған зейнетақы жинақтаушы қорының көшірмесі (түпнұсқасы);
  4. Сақтанушыға I және II топтағы мүгедектігі мерзімсіз бекітілгені жөніндегі құжат.
  5. Еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстарда 5 жылдан артық еңбек өтілі барын растайтын құжат (еңбек кітапшасы немесе еңбек өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама).