«Life-Жауапкершілік»:

Жұмыс берушілер үшін тиімді шешім!

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.

«Life-Жауапкершілік»:

Жұмыс берушілер үшін тиімді шешім!

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес қызметкердiң кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi белгiленген не ұзартылған (қайта куәландырылған) не ол қайтыс болған жағдайда, жұмыс берушi қызметкердiң пайдасына не қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына аннуитет шартын жұмыс беруші таңдаған, аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен жасасуға мiндеттi.

САҚТАНДЫРУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

Аннуитет шартын жасау тәртібі:
  1. Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болғандығы жөнінде хабарламаны алу;
  2. Сақтандыру оқиғасының мән-жайын анықтау, Сақтандырушыға аннуитеттік сақтандыру шартын жасау үшін қажетті құжаттарды толық көлемде ұсыну;
  3. Ұсынылған құжаттарды заң жүзінде тексеру, аннуитеттік төлемді есептеу;
  4. Сақтандыру шарттарын келістіру (аннуитеттік төлемнің есебі, аннуитеттік сақтандыру шарттары);
  5. Тараптардың Аннуитеттік сақтандыру шартына қол қою рәсімі.
Аннуитет шарты қандай жағдайда жасалады?
  • Жазатайым оқиға салдарынан сақтандырылған қызметкердiң кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі белгіленгенде;
  • Жазатайым оқиға салдарынан сақтандырылған қызметкердiң қайтыс болуы;
  • Жазатайым оқиға салдарынан сақтандырылған қызметкерде кәсiптiк ауру анықталғанда.

Аннуитет шарты қызметкердiң немесе қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның пайдасына шешілетін өтелімдердің барлық мерзіміне өмірді сақтандыру компаниясымен жасалады. Аннуитет шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы аннуитеттік төлемдердің мерзімі мен көлеміне байланысты және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасалаған сақтандыру компаниясымен төленеді.

Төлемдердің мерзімі қандай болуы мүмкін?

Аннуитет шарты бойынша төлемдер белгілі бір мерзімге немесе өмірдің ақырғы мерзіміне дейін жасалады (Сақтанушының кәсiптiк еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiнің белгiлеуіне байланысты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жету мерзімінен аспайтын мерзiмге).

Аннуитеттік төлемдердің көлемі неге байланысты?
  • Сақтандырылған қызметкерге кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiнің белгілеу жағдайында аннуитет шартын жасау кезінде – оның кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiне, жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесіне, қызметкердің жылдық орташа еңбекақысының көлеміне;

  • Қызметкердің қайтыс болуына байланысты аннуитет шартын жасау кезінде – аннуитенттердің санына, қызметкердің жылдық орташа еңбекақысының көлеміне.

Сақтандыру полистің иесі (Сақтандырушы) кім бола алады?

Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға.

Кім Сақтандырылады (Аннуитент бола алады)?

Аннуитеттік сақтандыру шарты жасалатын тұлға және аннуитет шарты бойынша өтелімді алатын адам*.

*Аннуитет шарты – сақтандырушы компанияны шартта белгiленген мерзiм iшiнде сақтандыру төлемiн Аннуитеттің (пайда алушының) пайдасына мерзiмдi төлемдер түрiнде жүзеге асыруға мiндеттейтiн сақтандыру шарты.

Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты:

Бүкіл әлем бойынша, тәуілігіне 24 сағат.

Аннуитет шарты қандай мерзімге жасалады?

Аннуитет шарты аннуитетік төлемдердің мерзіміне жасалады. Бұл төлемдер сақтандыру жағдайына, шығындалған кірісті қалпына келтіруге құқығы бар тұлғалардың көлемі мен жасына байланысты.

Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңі:

Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын, бір жолғы

Сақтандыру бағдарламасының тиімділігі:

Жұмыс беруші үшін тиімділігі:
  • Бюджеттің үнемделуі – өндірісте сақтандыру оқиғасы болған жағдайда зиян шеккен қызметкерлерге немесе осы төлемді алуға құқығы бар тұлғаларға сақтандыру соманың шегінде кірістің орнын толтыру үшін төлемді сақтандыру компаниясы жасайды.
Қызметкер үшін тиімділігі:
  • Қаржы қорғанысы – өндірісте сақтандыру жағдайы орын алғанда зиян келтірілген қызметкерге немесе отбасы мүшелеріне айырылған кірісті аннуитет төлемі ретінде орнын толтыру мүмкіндігі.

Аннуитет шартын бекіту үшін қандай құжаттар қажет:

Қызметкерге кәсіптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесiнің белгілеу жағдайында:
  1. жазатайым оқиға туралы акт:
  2. жеке басты куәландыратын куәліктің (төлқұжат) көшірмесі;
  3. салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесі;
  4. уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеу туралы анықтамасының көшiрмесi;
  5. уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң еңбекке қабiлеттiлiктен айрылуды белгiлеуге немесе белгілемеуге байланысты әлеуметтік төлемнің көлемі туралы анықтамасының көшiрмесi;
  6. кәсiптiк аурудың болуын растайтын құжаттың көшiрмесi;
  7. жұмыс берушi куәландырған, жәбірленушi қызметкер жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
  8. жәбірленушi қызметкердің толық жұмыс істемеген айларды ауыстыру немесе жоққа шығару өтінімі (мұндай ниеті бар болса);
  9. сақтандырушымен бекітілген аннуитеттік сақтандыруға өтінімі;
  10. пайда көруші тұлғаның анықтамасы - өтінімі;
  11. жәбірленушi қызметкер шотының Банкпен берілген IBAN нөмірі көрсетілген деректемелері;
  12. жәбірленушi қызметкер атынан бекітілген Шарттың аясында іс-әрекет жасауға уәкілетті тұлғаға берілген сенім хат (қажет болған жағдайда);
  13. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтама (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) (егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болса, онда жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсіпкерлікті растайтын мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы);
  14. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар);
  15. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімі (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық);
  16. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттар.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда және оның асырауындағы тұлғалар бар болған жағдайда:
  1. жазатайым оқиға туралы акт;
  2. қызметкердiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң нотариаттық куәландырылған көшiрмесi;
  3. қызметкер қайтыс болған жағдайда пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшiрмесi;
  4. некеге тұру туралы кәуіліктің көшірмесі (егер де асырауындағы тұлға оның баласы және/немесе жұбайы (жолдасы) болса);
  5. қамқорлықты/қамқор болуды растайтын құжаттың нотариатта куәландырылған көшiрмесi (егер де Аннуитент жұмысқа қабілетсіз болса немесе екінші ата-анасы жоқ бала болса);
  6. соттың шешімі бойынша асырауындағы тұлға төлем алатын болса, заңның күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
  7. әр Аннуитенттің жеке басын куәландыратын куәліктердің (төлқұжат) және/немесе туу туралы кәуліктердің көшірмесі;
  8. қайтыс болғаны тұлғаның әр баласының туу туралы кәуліктердің нотариатта расталған көшірмесі (бар болатын болса);
  9. салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн немесе пайда алушының жеке сәйкестендiру нөмiрiн растайтын құжаттың көшiрмесі;
  10. жұмыс берушi куәландырған, қайтыс болған қызметкердің жұмыс iстеген, бірақ он екi айдан аспайтын кезеңдегi жалақысының мөлшерiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
  11. әр Аннуитенттің атынан пайда көрушінің өтінім-анықтамасы;
  12. сақтандырушы қол қойған аннуитеттік сақтандыруға өтінім;
  13. Аннуитенттердің IBAN нөмірі көрсетілген шоттардың деректемелері;
  14. жұмыспен қамту орталығынан оның жұмыс істемейтіні жөніндегі анықтамасы (14 жасқа жетпеген немесе медициналық көрсеткіштері бойынша басқа адамның көмегіне зәру асырауындағы адамды қарап жатқан тұлғаларға беріледі);
  15. асырауныдағы баланың күндізгі оқу ордасында білім алып жатқандығы жөніндегі анықтамасы (тек 18 бен 23 жастағы тұлғалар үшін). Анықтамада оқудың мерзімі (жалпы мерзімі және ағымдағы жылы оқудың мерзімі) көрсетіледі.
  16. жазатайым оқиға болғанда болуы ықтимал шығындарды Сақтандырушы өтей алатынын растайтын құжаттар;
  17. Мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын өкілетті органмен берілген құжат (заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі/анықтамасы, Заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкілдіктің тіркелу іс-шаралары жөніндегі ҚР Үкіметінің электрондық порталынан анықтама (бұдан әрі – ЭП анықтамасы) (егер де Сақтандырушы жеке кәсіпкер болса, онда жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсіпкерлікті растайтын мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасы);
  18. Жеке басты куәландыратын құжат, заңды тұлға - клиент атынан іс-әрекеттерді жасауға, қаражатпен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды орындауға құжаттарға қол қоюға құқы бар лауазымдық тұлғаның өкілдігін растайтын құжаттарды (сенімхат, сенімгерлік басқару туралы шарт және өзге де құжаттар);
  19. Жеке басты куәландыратын құжат, қоғамдық немесе діни бірлестік филиалы немесе өкілдігі басшысы өкілеттілігін (филиалдар мен өкілдіктер үшін) растайтын құжат (сенімхат, діни бірлестік үшін басшысы ретінде тағайындалғаны жөнінде басқару органның хаттамасы, қоғамдық бірлестік үшін басқарушы органды/жарғыны бекіту жөнінде құрылтайшылар съезінің шешімі (сенімхат, мүддені қорғау жөнінде тұлғаға берілген бұйрық);
  20. Бұйрық, жалпы жиналыстың хаттамасы, директорлар кеңесінің хаттамасы, жалғыз акционердің (құрылтайшының) шешімі немесе жалғыз атқарушы органның немесе басшының немесе алқалық атқарушы органның мүшесі ретінде іс-әрекеттерді жасауды растайтын тұлғаның құжаттар.