Сақтандыру
агенті мамандығы

Сақтандыру
агенті мамандығы

Сақтандыру агенті – біздің ел үшін әлі де жаңа мамандық. Көбісі Агенттердің жұмысы жайлы және табыс табудың жолдарын біле бермейді.

Қысқаша айтсақ, сақтандыру Агенті қандай да бір сақтандыру полисін сатады, яғни сақтандыру шартын жасай отырып, сақтандыру компаниясының мүддесін қорғайды. Бір жағынан алып қарасаң, оңай сияқты, алайда оның жұмысы өте ауқымды.

Сақтандыру Агенттері сақтандыру Шарттарын жасай отырып, клиенттерге сақтандырудың түрлері және олардың артықшылықтары туралы ақпарат, кеңес береді. Және бұл жұмысты олар шартқа қол қою сәтінен бастап, шарт бұзылғанша немесе мерзімі аяқталғанша, сақтандыру жағдайы орын алғанша атқарады.

Сақтандыру агенті жеке тұлғалар, сондай-ақ Клиенттерге өз қызметімен бірге, сақтандыру шартын жасауды ұсынатын банктер, туристік агенттіктер, автосалондар, заңды тұлғалар да бола алады.

Бұл өте ыңғайлы, өйткені компания сақтандыру шартын рәсімдеу жұмыстарын өз мойнына алады.

Сонымен қатар, сақтандырудың ережелері мен артықшылықтарын түсіндіріп, Клиенттерді қызықтырып, тартатын делдал-агенттер мен стандартты сақтандыру полистерін, Сақтандыру шартын жасауға уәкілетті Агенттер болады. Ал арнайы білімі мен мол тәжірибесі бар Агенттерге күрделі сақтандыру өнімдері тапсырылады.

 

Агент болу – Компанияда Сату департаменттегі қызметтің алғашқы сатысы. Келесі деңгейге көтерілу тек агенттің біліктілігіне, зеректігіне және жігерлігіне байланысты.

Бізде Агенттің кәсіптік шеберлігін жетілдіру және табысын өсіру мүмкіндігі - шексіз! Толығырақ

 

Сақтандыру Агенті - Компаниямыздың ең маңызды бөлшегі және Сіз біздің ұйымшыл әрі үлкен ұжымымыздың мүшесі бола аласыз. Қазіргі күні өмірді сақтандыру саласы дамып келеді. Сақтандыру бизнесі қарқынды дамып жатқан бизнестің бір түрі. Адамдар күннен күнге сақтандыру саласына сеніммен қарап, өмірді сақтандыру қажет екенін түсіне бастады. Елімізде бұл саланың өсуі біздің қызметіміздің қажеттілігін айқындай түседі.

 

Сақтандыру Агенті – бұл тиімді жалақысы бар өте қызықты қызмет. Сіздің жұмысыңыз қазіргі және болашақ Клиенттермен кездесулерден тұрады. Сіз сақтандыру қызметтері туралы ақыл-кеңестер беріп, сақтандыру Шартын жасайсыз және мерзімі аяқталғанша сол шартқа қолдау көрсетесіз. 

 

Біздің Агенттеріміздің белгіленген жұмыс уақыты жоқ, олардың өз еріктерінде және еңбекақысы келісімді. Қанша уақыт жұмыс жасап, қанша табыс табатыныңыз да өз еркіңізде. Ал тәлімгеріңіз қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысыңызды жоспарлауға көмектеседі. Жұмысқа алу барысында басты назар адами қасиеттеріне бағытталады. Яғни адамдарға деген мейірімділігі, мақсаттылығы, жігерлілігі, өмірге деген көзқарасы мен табыс табуға деген шығармашылығы мен ынтасы қарастырылады. Біз кез келген мамандық иелерін (экономистер, дәрігерлер, инженерлер және т.б.) белсенді әрі алғыр үміткерлерді қабылдауға дайынбыз!