Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халық – Life» АҚ-ның 24 мыңнан артық клиенті Компанияның инвестициялық қызметінің қорытындылары бойынша қосымша табысқа ие болады

07.06.2023

«Халық-Life» АҚ-ның 2022 жылғы инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша инвестициялық қызметтен пайдаға қатысу шартын көздейтін өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар компанияның клиенттері инвестициялық қызметке сақтандыру полисінің қатысуы есебінен қалыптастырылған қосымша табыстылыққа ие болады.

Өткен жылы алынған пайданы ескере отырып, Компанияның Директорлар кеңесі өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бар сақтанушылар арасында 69,9 млн теңге мөлшеріндегі инвестициялық қызметтен пайданы бөлу туралы шешім қабылдады. 2022 жылдың қорытындылары бойынша «Халық-Life» АҚ-ның 24 мыңнан артық клиенті бонустық сақтандыру сомасының шамасына қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алу үшін компаниядан сақтандыру дивидендтері есептелетін болады.

Осылайша, сақтандыру дивидендтері түріндегі пайданың 69,9 миллион теңгесін бөлу нәтижесінде инвестициялық қызметтен алынатын пайдаға қатысатын өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 91,3 миллион теңгеге ұлғаяды.

Анықтама үшін: 

«Халық-Life» АҚ  «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 56,4 млрд теңгені құрайды. Халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі бойынша оның қаржылық тұрақтылықтың рейтингісі «ВВВ-» деңгейіндегі және қазақстандық ұлттық межесі бойынша «kzAAA» дәрежесінде. Рейтингтердің болжамы - «Тұрақты». «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Компанияның Лицензиясы жаңа өнімді алуға байланысты 2022 жылғы 28 желтоқсанда  №2.2.12 жаңартылды.