Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

Компания басқармасының мүшесін сайлау туралы

12.01.2022

Медеубаев Мейіржан 2007 жылы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 2010 жылы МВА бағдарламасы бойынша (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Т. Рысқұлов атындағвы ҚазЭУ бірлескен жобасы) магистратураны МВА Қаржы (актуарий мамандығы) мамандығы бойынша тамәмдады.

Еңбек жолын 2007 жылы И. Жансүгіров атындағы №130 гимназияда информатика және математика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 2010 жылдан бастап «Казкоммерц-Life» АҚ-да актуарийдің көмекшісі болып жұмыс істей бастады. Сақтандыру саласындағы 12 жыл ішінде Медеубаев Мейіржан департамент директоры болды. 2019 жылдан бастап Компанияның басшылық лауазымына кадрлық резервке енгізілді.

Бүгінгі таңда Медеубаев М.А. осы лауазымға қажетті терең білімі бар жоғары білікті маман болып табылады. Ол актуарлық есептер негізінде сақтандыру тарифтерін әдіснамалық әзірлеумен және есептеумен айналысады, сондай-ақ өмірді сақтандыру және зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша барлық сақтандыру жарналары мен төлемдері бойынша есептерді жүргізеді. Оның бай тәжірибесі бізге оның алдында тұрған барлық міндеттердің сәтті жүзеге асатынына сенімді болуға негіз береді.