Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

«Халық-Life» АҚ қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу үшін жаңа сервисті іске қосты

01.11.2021

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «Халық-Life» Компаниясы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын (бұдан әрі - ЖОМС) жасасу мақсатында онлайн сервисті іске қосты. Енді қызметкерлерінің саны аз жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар да бір-екі қимылмен, офистен шықпай-ақ өз қызметкерлерін жедел сақтандыра алады. Бұл ретте оларға тек электронды санды қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭСҚ) болуы жеткілікті.

 «Халық тобының цифрлық трансформациясы аясында «Халық-Life» АҚ қашықтықтан басқарылатын жаңа инновациялық сервистерді енгізуді және клиенттерге қызмет көрсетуден бастап, сақтандыру шартын жасасуға дейінгі бизнес-процестерді автоматтандыру бағытын жалғастыруда. Осылайша, жұмыс берушілерге компания менеджеріне қоңырау шалудың, жалпы күту үшін уақыт жұмсаудың және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) бойынша шарт жасасу үшін кеңсеге келудің қажеті жоқ. Оларға электронды сандық қолтаңбаның болуы (ЭСҚ) және бірнеше минут ішінде компанияның сайты арқылы барлық қажетті қадамдардан өтудің өзі жеткілікті. ЖОМС бойынша шартты онлайн қол қою кезінде өз қызметін бес және одан да көп жыл жүзеге асырған жұмыс берушінің кәсіпорынында соңғы бес жылда сақтандыру жағдайлары болмауы қажет. Сонымен қатар, шартты онлайн жасау кезінде сақтандыру сыйлықақысының 60%-ына дейінгі мөлшерде қомақты жеңілдік ала алады. Біз бұл қызмет шағын бизнес басшылары арасында жоғары сұранысқа ие болады деп үміттенеміз», – дейді «Халық-Life» АҚ Басқармасының Төрайымы Ж. А. Жұбаниязова.

«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес кез келген жұмыс беруші өз қызметкерлерін сақтандыруға міндетті. Өз қызметкерлеріне қатысты өмірді міндетті сақтандыру шартын жасай отырып, кәсіпкер тәуекелдердің бір бөлігін сақтандырушыға ауыстыруға мүмкіндік алады, осылайша оған өз бизнесін күтпеген шығындардан қорғауға, келтірілген залалды сақтандыру өтемі есебінен жедел өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен, сақтандыру полисін онлайн сатып алу үшін клиент бірнеше іс-қимыл жасап, компанияның сайтына компания және сақтандырылатын қызметкерлер туралы деректерді енгізіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы шығарған ЭСҚ көмегімен сақтандыру өтінішіне қол қойып, содан кейін Қазақстан Республикасының кез келген банкінің картасынан сақтандыру жарнасын төлеу қажет.

Клиентте ЭСҚ болмаған жағдайда ол Компания сайтында өтінімді толтыру және жіберу керек. Компания менеджерлері клиентпен жедел хабарласып, қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасуға көмектеседі.

Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ  «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 44,5 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.