Өзгертілген күн 29.06.2021, 23:43
Баспасөз орталығы

ҚР ӨМІРДІ САҚТАНДЫРУ САЛАСЫ ЖАЙЛЫ ЖАРИЯЛАНҒАН ҮЗДІК МАТЕРИАЛҒА БАЙҚАУ

28.10.2021

Өмірді сақтандыру тақырыбы - оңай тақырып емес. Сондықтан біз сақтандыру нарығы туралы, оның ішінде өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары туралы жазатын журналистердің материалдары халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосады деп есептейміз және тиісінше, мұндай жұмыс қаржы қоғамдастығы тарапынан белгіленуі тиіс деп ойлаймыз. Сол себепті, біздің Компания журналистер арасында ҚР өмірді сақтандыру саласында жарияланған үздік материалға байқау ұйымдастыруды ұйғарды.

 Байқаудың мақсаттары: 
- Қазақстанда өмірді сақтандыру саласын дамыту мүмкіндіктері мен проблемалары туралы халықтың хабардарлығын арттыру;
- өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламаларын насихаттау;
- ҚР өмірді сақтандыру нарығын дамыту мәселелеріне БАҚ назарын аудару.

Міндеттері:
- сақтандыру институтының әлеуметтік маңыздылығын насихаттау және халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру;
- сақтандыру нарығын дамыту мәселелерін жариялайтын журналистердің кәсіби деңгейін арттыру;
- журналистерді Қазақстанның сақтандыру нарығындағы өзекті мәселелерді жариялауға ынталандыру.

Өткізу мерзімі: 2021 жылғы 1 қарашадан 2022 жылғы 1 мамырға дейін

Ұйымдастырушысы: «Халық-Life» АҚ

Номинациясы: - «ҚР өмірді сақтандыру туралы үздік материал»
Материал жан-жақты, объективті, өзекті, құзыретті болуы тиіс, жалпы ҚР өмірді сақтандыру проблематикасы кәсіби түрде ашылуы тиіс.
Ұсынылған жұмыстарды бағалау үшін сақтандыру саласындағы сарапшылардан тұратын құзыретті қазылар алқасы құрылды.

Қазылар алқасының құрамы:
«Халық-Life» АҚ Басқарма төрайымы - Жұбаниязова Жанар Әділбекқызы
«Халық-Life» АҚ Басқарма мүшесі, Басқарушы директоры - Любимов Виталий Вадимирович
ҚҚА Басқарушы директоры - Бурабаев Ерлан Өмірзақұлы
Жарияланған материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде орындалуы мүмкін.

Жұмыстарды қарау нәтижелері бойынша қазылар алқасы 3 жүлделі орынды анықтайды, әрі оларға ақшалай сыйлықтар беріледі:
1 орынға 500 мың теңге
2 орынға 300 мың теңге
3 орынға 200 мың теңге
Қосымша ақпарат алу үшін және материалдарды жолдау үшін:

Меруерт Бердыбаева,
Тел.: +7 (727) 244-62-66, ішкі 52505, моб +7 701 139 23 39
e-mail: Meruertb@halyklife.kz