Назар аударыңыз! Клиенттерге арналған ақпарат!

Құрметті Компания клиенті!

«Қазақстан Халық Банкінің өмірді сақтандыру бойынша «Халық-Life» еншілес компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) Сізге өз құрметін білдіреді және келесіні хабарлайды.

«Казкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ерікті түрде қайта құрылуы нәтижесінде, «Казкоммерцбанк» АҚ 2019 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері БСК-лерінің анықтамалығынан алынып тасталады, осыған байланысты «Казкоммерцбанк» АҚ-тың ескі банктік шоттарының қолданылуы тоқтатылатын болады.

«Казкоммерцбанк» АҚ-тың ескі банктік шоттарының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін, Сіздің «Казкоммерцбанк» АҚ-тағы банктік деректемелеріңізге сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мүмкін болмайды.

Осыған байланысты Компания Сізден 15.03.2019 жылға дейінгі мерзімде, А05А1В9, Алматы қ., Абай даңғылы, 109 «В» мекен-жайы бойынша жасалған сақтандыру шартына қосымша келісім жасау үшін екінші деңгейдегі банктің жаңа деректемелерін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалған өтінішті ұсынуды сұрайды.

Қосымша келісім жасау және қосымша ақпарат алу мәселелері бойынша Сіз өңірлік өкілге немесе Компания филиалдарының мекен-жайлары кестесінде (қоса беріледі) көрсетілген мекенжайлар бойынша Компанияның филиалына жүгіне аласыз.

Компанияның деректер базасында екінші деңгейдегі банктің қолданыстағы жаңа деректемелері болмаған жағдайда, «Казкоммерцбанк» АҚ-тағы Сіздің ескі деректемелеріңізге жолданған төлемдер орындала алмайды.

«Казкоммерцбанк» АҚ-тың «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа қосылу нысанында ерікті түрде қайта құрылуы шеңберінде «Казкоммерцбанк» АҚ бұрынғы клиенттерінің «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тағы барлық банктік шоттарына жаңа жеке сәйкестендіру кодтары (ЖСК) берілгенін қосымша хабарлаймыз. Жаңа деректемелерді Сіз жақын жердегі бөлімшелер мен терминалдардан ала аласыз.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

 

«Халық-Life» АҚ-ның филиалдық жүйесі