НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! КЛИЕНТТЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ!

Құрметті «Халық-Life» АҚ-тың клиенттері мен серіктестері!

Компания, коронавирус жұқпасының дүниежүзілік ауқымда таралуына және Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайды енгізу туралы шешім қабылдануына байланысты елімізде болып жатқан жағдайды мұқият бақылауға алды. Компания өзінің міндеттерін орындағаны үшін клиенттердің алдында жоғары жауапкершілігін назарға ала отырып, өз қызметін әдеттегі тәртіпте орындауды жалғастырып отыр, негізгі қызметкерлер құрамы жұмыс орнында, ал қызметкерлердің бір бөлігі қашықтықтан жұмыс жасау тәртібіне ауысты.

Алайда, «Халық-Life» АҚ, өз клиенттерінің денсаулығын алаңдай отырып, клиенттеріміздің және қызметкерлеріміздің жұқтырып алу тәуекелін азайту мақсатында алдын алу шарасы ретінде, Сіздерден, өздеріңізді себепсіз тәуекелге ұшыратпауыңызды және аса қажеттілік туындамаған жағдайда, кеңселерімізге келуден бас тартуыңызды өтіне сұраймыз.

Қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша қызметтердің көрсетілуіне байланысты кез келген сұрақтар туындаған жағдайда Сіз:

  1. +7 747 244 62 22 телефон нөміріне қоңырау шалып, дауыс мәзірінің нұсқаларына ілесіп немесе маманның ішкі нөмірін теріп, хабарласа аласыз;
  2. сайтта https://www.halyklife.kz/podderzhka-klientov/zhaloby-i-predlozheniya/ сілтеме бойынша еріп «Шағымдану, ұсыныс немесе хабарлама қалдыру» тарауында өтінішіңізді қалдыра аласыз;
  3. https://www.halyklife.kz/ сайты арқылы он-лайн кеңесшіге хабарлама қалдыра аласыз.

Сақтандыру шартын жасасу қажеттілігі туындаған жағдайда, Сіз тұрып жатқан қаладағы Компанияның филиалына телефон арқылы хабарласа аласыз немесе https://www.halyklife.kz/chastnym-litsam/vyzvat-agenta/ сілтеме бойынша сақтандыру агентін шақыруға өтінім тастай аласыз.

Компания филиалдарының телефон нөмірлері «Байланыстар» тауарында көрсетілген.

Туындаған уақытша қолайсыз жағдайлар үшін кешірім сұраймыз және карантиннің қолданылу кезеңінде сапалы түрде қызмет көрсету үшін ақылға қонымды және қажетті барлық әрекеттерді қолдануға сөз береміз.

Құрметпен,

«Халық-Life» АҚ Басшылығы