Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандырудың ең таңдаулы шарттары - 70%-ға дейінгі жеңілдікпен

Құрметті клиенттер!

«Халық-Life» АҚ, ел үшін осы маңызды кезеңде, коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты қазақстан бизнесі шеккен зардабының ауырлығы мен күрделілігін түсіне отырып, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша шарт жасасу барысында, Сіз Компаниямыздың ерекше шарттарын пайдалана алатындығыңызды ескертеді.

 

 

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты жасалған күннің алдындағы бес жыл бойы сақтандыру жағдайлары орын алмаған жағдайда, сақтандыру сыйлықақысына түзету коэффициентін қолдану мүмкіндігі Сақтандырушының тәуекелдерді басқару және андеррайтинг бойынша ішкі саясаттарына сәйкес заңды түрде қарастырылған.

«Халық-Life» АҚ-та түзету коэффициентінің мөлшері әр клиентке ЖЕКЕ бекітіледі және 70%-ға дейін ЖЕТУІ МҮМКІН.

Осылайша, соңғы бес жыл ішінде сақтандыру жағдайлары орын алмаған кезде, жоғарыда аталған коэффициентті есепке алу арқылы ЖОМС шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының қорытынды мөлшері жалпы сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен кем болуы мүмкін.

Сіздің компанияңызға қолданылуы мүмкін сақтандыру шарттарын талқылау үшін Сіз сайттың «Байланыстар» тарауында көрсетілген, өзіңізге жақын орналасқан Компанияның филиалына жүгіне аласыз немесе «Агентті шақыру» тарауында хабарлама қалдыра аласыз.