"Халық-Life" АҚ 2018 жылдың нәтижелері бойынша 274,7 миллион теңге мөлшеріндегі сақтандыру дивидендтерін бөліп береді

2019 жылғы тамызда "Халық-Life" АҚ Директорлар кеңесі Компанияның 2018 жылдағы табысты инвестициялық қызметінің нәтижелері бойынша, пайдаға қатысатын өмірді жинақтап сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылар арасында пайданы бөлу туралы шешім қабылдады және дивиденд мөлшерлемесін 5,75% мөлшерінде бекітті.

 

Шарт талаптарына сәйкес, инвестициялық қызметтен түскен пайдаға қатысу талабын көздейтін өмірді жинақтап сақтандыру шарттары бар сақтанушылар, Компанияның инвестициялық қызметіне сақтандыру полисінің қатысуы есебінен қалыптасқан қосымша табыс алады.

Бұл шешімді «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы О.С. Радченко былай деп түсіндірді: «2018 жылдың қорытындысы бойынша біздің Компания жылды таза пайдамен табысты аяқтауы нәтижесінде, біз бонустық сақтандыру сомасының көлеміне қосымша сақтандыру қорғанысын сатып алу үшін, өз клиенттерімізге шамамен 274,7 миллион теңгені дивиденд ретінде бөлуді жоспарлап отырмыз. Біз осы жылы 19 500-ға жуық клиент сақтандыру дивидендтерін алады деп есептеп отырмыз. Осылайша, пайдаға қатысатын өмірді жинақтап сақтандыру бойынша қолданыстағы шарттардың иелері өздерінің сақтандыру шарттары бойынша кепілдік берілген табыс мөлшерлемесін қоса алғанда, 2018 жылдың нәтижелері бойынша 9,75%-ға дейін табыс табады. «Казкоммерц-Life» АҚ-пен сәтті қайта ұйымдастыру аясында біздің Компания үшін бұл алғашқы ауқымды үлестіру. Әрбір клиент алдында өзіне алған міндеттемелерді орындау бойынша жауапкершіліктің жоғары деңгейін назарға ала отырып, біз жақын арада өз сақтанушылармызға хабарлама жібереміз, өйткені міндеттемелерді адал және тез орындау клиенттермен ұзақ мерзімді өзара қарым-қатынасты құрудағы басты фактор болып табылатынын түсінеміз».

Осылайша, сақтандыру дивидендтері түріндегі 274,7 миллион теңге пайданы бөлу нәтижесінде, пайдаға қатысатын өмірді жинақтап сақтандыру шарттары бойынша жалпы сақтандыру сомасы 357,2 миллион теңгеге ұлғаяды.