Мемлекеттік сыйлықақы және бастапқы білім беру капиталымен баланың білім алуына қаражат жинаңыз

Бағдарлама туралы қысқаша
Кепілдендірілген табыс
Мемлекет сыйлықақысы
Шарт мерзімі
Сақтандырудың тиімділігі
Жинақтаудың бүкіл мерзіміне 8%-ға дейінгі мөлшердегі кепілдендірілген кіріс
Жинақтарыңыз шарттың бүкіл мерзімі ішінде 8%-ға дейін кепілдендірілген табыспен өседі
Жинақтау сомасына жылсайынғы 5-7% көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы
Мемлекет білім беру жинақтары сомасына жылдық 5% немесе 7% мемлекеттік сыйлықақы есептейді
Жылдық 4,2%-ға дейін кепілдендірілген табыстылық
Шартты АҚШ долларымен ресімдеген кезде
Мерзімді сақтандыру төлемдерін 8%-ға дейін индекстеу
Мерзімді сақтандыру төлемдері инфляциядан қорғау үшін 8%-ға дейін индекстеледі
Бүкіл әлем бойынша тәулік бойы сақтандыруды қолдану
Сақтандыру қорғанысы бүкіл әлем бойынша тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді
Білім беру грантын алу кезінде жинақтардың барлық сомасын алу мүмкіндігі
Білім беру грантын алған кезде жинақталған барлық соманы алуға болады
Сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеу мүмкіндігі
Қажет болған жағдайда сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеуге болады
Сақтандыру төлемдеріне Кепілдік беру қорының кепілдігі
Жинақтарыңыз Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған
Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кезеңділігін таңдау мүмкіндігі
Ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет немесе біржолғы төлем — ыңғайлы кезеңділікті таңдаңыз
Жинақтаудың бүкіл мерзіміне 8%-ға дейінгі мөлшердегі кепілдендірілген кіріс
Жинақтарыңыз шарттың бүкіл мерзімі ішінде 8%-ға дейін кепілдендірілген табыспен өседі
Жинақтау сомасына жылсайынғы 5-7% көлеміндегі мемлекеттік сыйлықақы
Мемлекет білім беру жинақтары сомасына жылдық 5% немесе 7% мемлекеттік сыйлықақы есептейді
Жылдық 4,2%-ға дейін кепілдендірілген табыстылық
Шартты АҚШ долларымен ресімдеген кезде
Мерзімді сақтандыру төлемдерін 8%-ға дейін индекстеу
Мерзімді сақтандыру төлемдері инфляциядан қорғау үшін 8%-ға дейін индекстеледі
Бүкіл әлем бойынша тәулік бойы сақтандыруды қолдану
Сақтандыру қорғанысы бүкіл әлем бойынша тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді
Білім беру грантын алу кезінде жинақтардың барлық сомасын алу мүмкіндігі
Білім беру грантын алған кезде жинақталған барлық соманы алуға болады
Сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеу мүмкіндігі
Қажет болған жағдайда сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеуге болады
Сақтандыру төлемдеріне Кепілдік беру қорының кепілдігі
Жинақтарыңыз Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған
Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу кезеңділігін таңдау мүмкіндігі
Ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет немесе біржолғы төлем — ыңғайлы кезеңділікті таңдаңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандыру дегеніміз не
Өмірді жинақтаушы сақтандыру — бұл бір мезгілде жинақ қалыптастыруға және қаржылық қорғанысты қамтамасыз етуге мүмкіндік. Сіз кесте бойынша төлем жасайсыз, олар жинақталып, кепілдендірілген табыс әкеледі, ал сақтандырылушының өмірі шарттың бүкіл мерзімі бойы қорғалған күйде қалады.
Шарт мерзімі аяқталған соң сіз жинақталған соманы кепілдендірілген табыспен бірге, сондай-ақ компания пайдасына қатысудан түсетін қосымша табысты аласыз.
Өмір күтпеген жағдай ұсынса да, сіздің қаржылық мақсатыңыз өзгермейді. Себебі сізбен бірге — Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығындағы қаржылық тұрақты көшбасшысы Halyk Life.
Жинақ
Жинақ және кепілдендірілген табыс
Сақтандыру
Сақтандыру жағдайы кезіндегі төлем
Қорытынды
Өмірді жинақтаушы сақтандыру
Өз бетіңізше жинау немесе Halyk Life-пен жинау
Сандуғаш қызының оқуына өз бетінше жинайды, Даниал — «Bilim-Life» бағдарламасы бойынша. Даниалдың жарнасына мемлекет те қосылады.
Өзіңіз жинайсыз
Halyk Life-пен жинайсыз
Өзіңіз жинайсыз
Halyk Life-пен жинайсыз
Өзіңіз жинайсыз
Halyk Life-пен жинайсыз
Өзіңіз жинайсыз
Halyk Life-пен жинайсыз
Біздің бағдарлама мен білім беру депозитінің айырмашылығы
Екі нұсқа да баланың біліміне ақша жинауға көмектеседі және бағдарлама шарттары сақталғанда мемлекеттік қолдауды қарастырады. Bilim-Life-тың басты айырмашылығы — ата-ананы сақтандыру қорғанысы, ол баланың болашақ біліміне қаржылық негізді сақтап қалуға көмектеседі.
Таңдағанда не маңызды
Жинақтаушы сақтандыру
«Bilim-Life»
Балама
Білім беру депозиті
«Bilim-Life»
Білім беру депозиті
«Bilim-Life»
Білім беру депозиті
«Bilim-Life»
Білім беру депозиті
«Bilim-Life»
Білім беру депозиті
«Bilim-Life»
Білім беру депозиті
Бұл қалай жұмыс істейді
- 01
Сақтандыру шарты
Сіз мерзімді, жарна сомасын және оны қаншалықты жиі төлейтініңізді таңдайсыз. Шартта бала мерзім соңында алатын сома кепілдендірілген табысымен бірге бірден көрсетіледі. Мемлекет бастапқы капиталды есептеуі үшін жылдық жарна төмендегі кестедегі ең төменгі мөлшерден кем болмауы керек.
- 02
Жарна, сыйлықақы және капитал
Сіз шарттағы кесте бойынша жарна төлейсіз. Мемлекет бастапқы білім беру капиталын бір рет есептейді және жыл сайын 5% немесе 7% сыйлықақы қосады.
- 03
Оқуға түсу
Бала оқуға түсті — сіз Halyk Life-қа Қазақстандағы немесе шетелдегі оқу орнымен жасалған шартты әкелесіз.
- 04
Оқу ақысын төлеу
Біз оқу құнын оқу орнына тікелей аударамыз — бірден немесе бөліп. Оқу сақтандыру сомасынан арзан болса, айырмасын сіз аласыз.
- 05
Қорғаныс
Ата-анамен сақтандыру жағдайы орын алса, біз толық сақтандыру сомасын мемлекет сыйлықақысымен бірге төлеп, оны баланың оқуына жұмсаймыз.
- 06
Нәтижеге кепілдік
Полис балаңыздың болашақ білімі үшін қаржылық қорғанысын сақтауға көмектеседі. Жинақ мерзімі аяқталған соң төлем қарастырылған, ал сақтандыру жағдайы орын алған күнде де Компания шарт бойынша міндеттемелерін орындауын жалғастырады.
Бағдарлама нені қамтиды
Сақтандыру қорғанысы тәулігіне 24 сағат, әлемнің кез келген нүктесінде қолданылады.
Негізгі жабу
Полис болашақ үшін қаржылық қорғанысты сақтауға көмектеседі — төлем жинақ мерзімі аяқталғанда немесе жарна төлейтін ата-анамен сақтандыру жағдайы орын алғанда қарастырылған.
- 01
Шарт мерзімі аяқталды
Шарт мерзімі аяқталғанда сақтандыру төлемі баланың оқуын төлеуге бағытталады. Төлем бүкіл оқу кезеңіне бір мезгілде немесе бөліп — әр оқу жылына немесе академиялық кезеңге — жүргізілуі мүмкін. Егер бала грантқа түссе, мемлекеттік сыйлықақымен бірге барлық соманы алуға немесе шартты басқа балаға қайта ресімдеуге болады.
- 02
Сақтандыру жағдайы
Сақтандырылған ата-ана сақтандыру қорғанысы қолданылу кезеңінде қайтыс болса, сақтандыру төлемі бірден жүргізілмейді. Шарт мерзімі аяқталғанда ол шартта көзделген талаптармен баланың білім алуын төлеуге бағытталады. Грантқа түссе, жинақталған соманың толық көлемі төленеді.
Мемлекет қолдауы
Бастапқы білім беру капиталы (БББК)
Ағымдағы жылы 5 жасқа толған балаларға республикалық бюджеттен 60–120 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем.
Бастапқы білім беру капиталының мөлшері мына шектерде болады:
60 АЕК
Әлеуметтік осал санаттарға кірмейтін балалар
120 АЕК
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
Бастапқы капитал баланың білім беру жинақтаушы салымында қалады және білім алу сәтіне дейін сіздің жарнаңызбен және мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысымен бірге жұмыс істейді.
Бастапқы білім беру капиталын алу үшін шарт жасасып, жыл сайынғы ең төменгі жарнаны төлеу қажет.
| Қатысушылар санаттары | Жылдық жарнаның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар | Бастапқы білім беру капиталы |
|---|---|---|
| Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар | — | 120 АЕК (519 000 теңге) |
| Көп балалы отбасылардың балалары | Барлық балалардың барлық салымдары/сақтандыру шарттары бойынша жиынтығында жылына 12 АЕК (51 900 теңге) | 60 АЕК (259 500 теңге) |
| Халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) басқа балалары | Жылына 12 АЕК (51 900 теңге) | 60 АЕК (259 500 теңге) |
| Әлеуметтік осал санаттарға кірмейтін балалар | Жылына 24 АЕК (103 800 теңге) | 60 АЕК (259 500 теңге) |
Теңгедегі сомалар 2026 жылға арналған АЕК бойынша есептелген — 4 325 теңге.
Бала білім беру грантын алса, сіз мыналарды жасай аласыз
- Диплом болған жағдайда жинақталған қаражатты алу
- Жинауды жалғастыру
- Ақшаны үшінші тұлғаға аудару
- Басқа білім алу
- Қаражатты тұрғын үй сатып алуға жұмсау
Бала 18 жасқа толғанда жинақталған қаражат жеткіліксіз болса, оны «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясындағы жинақпен біріктіруге болады.
Бастапқы білім беру капиталын есептеу мерзімдері
ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін — ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығында 5 жасқа толған балаларға
есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 28 ақпанына дейін — өткен есепті жылдың 1 маусымы мен 31 желтоқсаны аралығында 5 жасқа толған және бұрын БББК есептелмеген балаларға
Алдын ала есептеулер
Сақтандыру шарттары
Сақтандыру полисінің иесі (Сақтанушы) кім бола алады?
- Пайда алушының ата-анасы немесе өзге де жақын туысы, заңды өкілі болып табылатын жеке тұлға
Сақтандыру мерзімі
- 3 жастан 20 жасқа дейін
Сақтандыру жарналарын төлеу кезеңділігі
- Ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет немесе біржолғы төлем
Сақтандыру қорғанысының аумағы мен уақыты
- Бүкіл әлем бойынша, тәулігіне 24 сағат
Мемлекет сыйлықақысын есептеу
- Мемлекеттің сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық 5% мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі
- Мемлекеттің сыйлықақысы басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық 7% мөлшерінде есептеледі: жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар; мүгедектігі бар адамдар; көпбалалы отбасылардың балалары (4 және одан да көп бала); орташа жан басына шаққандағы кірісі азық-түліктік себеттің құнынан төмен отбасылардың балалары
Сақтандыру ережелері
Негізгі ақпараттық құжат
Неліктен Halyk Life
«Халық-Life» АҚ Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында 20 жылдан астам жұмыс істейді және елдегі ең ірі қаржы тобы — Halyk Group құрамына кіреді. Шарттар бойынша міндеттемелер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ арқылы қосымша қорғалған.
20+ жыл
Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында
1,5 млн
қолданыстағы сақтандыру шарты
Halyk Group
Қазақстанның ең ірі қаржы тобы
Қаржылық рейтинг
S&P Global Ratings — «BBB-», ұлттық шкала бойынша «kzAAA». A.M. Best — «bbb», ҚР өмірді сақтандыру нарығындағы ең жоғары көрсеткіш.
Төлемдер бойынша кепілдіктер
Компания тәуекелдері қайта сақтандырылған, міндеттемелер «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ арқылы қорғалған.
Сертификаттау
Қызмет ISO 9001 және ISO 14001 сапа менеджменті стандарттары бойынша сертификатталған.
Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап таппасаңыз — 7123 нөміріне тегін хабарласыңыз, Дс–Жм 9:00–18:00, түскі үзіліс 13:00–14:00.
Бастапқы білім беру капиталы дегеніміз не?
Бұл — ағымдағы жылы 5 жасқа толған балаларға республикалық бюджеттен берілетін бір реттік төлем: 120 АЕК — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, 60 АЕК — әлеуметтік осал санаттарға кірмейтін балаларға. Жылдық жарна ең төменгі мөлшерден кем болмаса, капитал шартқа есептеледі.
Балаға мемлекеттік сыйақы беріле ме?
Иә. «Bilim-Life» бойынша мемлекет жыл сайын жарна сомасының 5–7 % мөлшерінде сыйақы есептейді. Бұл автоматты түрде жасалады — өтініш беру қажет емес.
Жарнаны уақытында төлей алмасам не болады?
Шарт автоматты түрде күшін жоймайды. Жеңілдік кезеңі қарастырылған. Төлем ұзақ уақыт түспесе, шарт тоқтатылады; жинақталған сома сақталады және қалпына келтірілуі мүмкін.
Маған бір нәрсе болса, балам не алады?
Сақтанушы қайтыс болған немесе еңбекке жарамсыздыққа ұшыраған жағдайда компания жарналарды сіздің орныңызға жалғастырады.